Елордада мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен қырғызстандық таксист ұсталды

09.06.2023, 20:26
560
Елордада мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен қырғызстандық таксист ұсталды smartnews.kz

Елордада мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен қырғызстандық такси жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

33 жастағы ер адам Алматы ауданының полиция бөліміне арызданып, оны такси жүргізушісі тонап кеткенін хабарлаған.

Тергеу барысында жолаушының мас күйінде қалада жүру үшін жеке тасымалдаушы жалдағаны анықталды.

Жолда келе жатып, такси салонында ол жүргізушімен жанжалдасып, оны қорлай бастаған.

Шарбақты көшесінің бойындағы жол жиегіне тоқтаған такси жүргізушісі агрессивті жолаушыны көліктен сүйреп шығарып, оны ұрып-соғып, 100 мың теңгеден астам ақшасын тартып алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісінің қайда екенін анықтады.

Ол Қырғызстанның 37 жастағы азаматы болып шықты.

Құжаттарды тексеру кезінде шетелдіктің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қырғызстан азаматы кінәсін мойындады, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан барынша сақ болуды сұрайды

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды