АҚШ Cауда миссиясы ресми сапармен Қазақстанға келді

10.06.2023, 10:16
541
АҚШ Cауда миссиясы ресми сапармен Қазақстанға келді gov.kz

АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтті. Оған 20-дан астам ірі америкалық компаниялар, атап айтқанда ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және басқалар қатысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Астана халықаралық форумына және Astana Finance Days іс-шараларына қатысып, G2B және B2B форматында кездесулер өткізді.

Миссияның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының төрағалығымен 2022 жылы Нью-Йоркте өткен Қазақстан-Америка дөңгелек үстелінің жалғасы ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық және сауда қатынастарын нығайту және күшейту.

photo

Дөңгелек үстел қатысушыларға қолданыстағы инвестициялық жобалардың дамуы мен энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика сияқты салаларға елдегі инвестицияны арттыру перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

Бизнес-делегация мүшелері ҚР Үкіметінің елде қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, инвестициялық бастамаларды жүзеге асырудың әлеуетін ерекше атап өтті.

photo

Сонымен бірге қатысушылар өзара сауда өсімінің оң серпініне қанағаттанатынын атап өтті.

Осылайша, 2022 жылғы тауар айналымы 3,05 млрд АҚШ долларын құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға жоғары.

АҚШ-тың Қазақстанға жалпы ТШИ ағыны 2022 жылмен салыстырғанда 82%-ға өсіп, 5,1 млрд АҚШ долларын құрады.

photo

Өз тарапынан АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси америкалық компаниялардың қазақстандық нарықта қатысуын кеңейтуге терең қызығушылық танытты.

Сауда миссиясының ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев және Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевпен өткен кездесулерінде еліміздің инвестициялық ахуалын одан жақсарту шараларды талқылау басты назарға алынды.

АХҚО мен Astana Hub-қа сапармен қатар, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровпен, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен жеке келіссөз жүргізілді.

 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған