583

Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды

Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2 ай қамауда отырады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды
qaz365.kz

«Нұржан Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болды. 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорда сотының хабарламасында.

Еске сала кетейік, 7 маусымда Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды.