Семейде өрт аймағында жедел жәрдем дайын тұр, түтіннен уланған бір адам ауруханаға жатқызылды

10.06.2023, 17:31
572
Семейде өрт аймағында жедел жәрдем дайын тұр, түтіннен уланған бір адам ауруханаға жатқызылды inform.kz

Абай облысында ормандағы өртке байланысты медициналық алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадалары ұйымдастырылып, стационарларда резервтік төсек-орын дайындалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аудандық аурухананың пациенттері Бородулиха ауылынан Жезкент кентіне және Семей қаласының СМКА көпбейінді стационарына көшірілген.

Медициналық техниканы эвакуациялауға дайындалып жатыр.

Көміртегі тотығынан уланып, ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адам Семей ауруханасына жеткізілді және оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Жағдайы орташа ауыр.

Қатты түтін тараған елді мекендер аймағында халық толығымен эвакуацияланды.

photo

Каштак ауылына Семей қаласынан екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді, Семей қонақ үйінің жанындағы эвакуациялық пункте бір бригада кезекшілік етеді.

Барлық эвакуацияланған пациенттер Семей ауруханаларына жатқызылады, ол үшін қосымша бригадалар орналастырылады.

Бүгін Үкімет тобының құрамында Абай облысына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ұшып келді.

Облыста ТЖ жағдайында барлық деңгейде қажетті медициналық көмек көрсетуге толық дайындық бар.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды