Қайыңды орманды отаған петропавлдық кәсіпкер ісі бойынша үкім шықты

12.06.2023, 12:20
597
Қайыңды орманды отаған петропавлдық кәсіпкер ісі бойынша үкім шықты smartnews.kz

Петропавл қалалық сотында «Лесхоз» ауданында қайыңды орманды отау фактісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке 41 млн теңге шығын келтірілді. Тексере келе учаскенің 2006 жылы орман қорынан шығарылып, бір жыл өткесін кәсіпкер Бақтияр Абдуллаевқа қызмет көрсету нысанын салу үшін берілгендігі анықталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО Жер ресурстарын басқару департаменті Бақтияр және Фамил Абдуллаевтарды, «ASTEK-AUTO» ЖШС, Мұрат Иманбаевты, Серікқан Төлегеновты, Әділ Баграмовты, «Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімі» КММ-ді сотқа беріп, сату-сатып алу, сыйға тарту шарттарын, әкімдік қаулысын және жергілікті атқарушы органның бұйрығын жарамсыз деп тануды сұрады.

Талапкер – СҚО Жер ресурстарын басқару департаменті биыл 17 қаңтарда СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасынан жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру жөніндегі заңсыз шешімдерінің күшін жою мақсатында сотқа талап қою туралы хат келгенін атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ-ді тексерген. Ннәтижесінде Абдуллаевқа жер учаскесін беру кезінде ҚР Жер кодексінің 109-бабы 1-тармағының талаптары бұзылғанын анықтады. Берілген жер учаскесі үй құрылысы аймағында және республикалық автомобиль жолының бойында орналасқан. Осыған байланысты, ортақ пайдаланылатын жер болғандықтан, ол жерден учаскені беруге болмайды.

«Жер учаскесін беру кезінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленбегені және бекітілмегені, жер учаскесі Жер кодексінің 48-бабының талаптарын бұза отырып, аукционсыз берілгені анықталды. Жоспар бойынша бұл учаскеде үйлер қарастырылмаған, ол жерде орман шоқтары ғана көрсетілген. Жер учаскесі бірінші техникалық санаттағы жол бойындағы жолаққа жатады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сот жер учаскесі ағайынды Абдуллаевтарға заңнама талаптары бұзыла отырып берілді деген қорытындыға келді. Осыған байланысты сот СҚО Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырды.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті