Елімізде электромобильдер саны үш есе артты

12.06.2023, 13:18
604
Елімізде электромобильдер саны үш есе артты smartnews.kz

Ішкі істер министрлігінің статистикасына сәйкес, өткен жылғы наурыздан биыл наурыз айы аралығында елімізде электромобильдер саны айтарлықтай өскен. Яғни 631-ден 1,9 мыңға дейін артқан.

Әсіресе, мұндай көрсеткіш өткен жылы желтоқсанда байқалды. Бір айдың ішінде 521 электромобиль тіркелген. Сондай-ақ, биыл қаңтар-наурыз айларында жаңа электрокарлардың сатылымы айтарлықтай артқан, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Бұл – соңғы он жылдағы электромобильдер санындағы алғашқы маңызды өзгеріс. Ұлттық статистика бюросы электр көлігі бойынша деректерді 2012 жылдан бастап жариялап келеді. Электр көліктерінің рекордтық саны (785 электр көлігі) бұған дейін 2016 жылдың 1 қаңтарында тіркелді.

Алайда, электромобильдер санының артқанына қарамастан, отандық автопарктердегі олардың үлесі өте аз. Егер өткен жылдың наурыз айында электр көліктерінің үлес салмағы 0,01% болса, биыл 1 сәуірде ол 0,04%-ға ғана өсті.

1,9 мың «жасыл» көліктің 1,6 мыңы жеңіл автомобильдер. Олардың үлесі 84%-дан асады. Ал электр қозғалтқыштары бар жүк көліктері (8,8%) мен автобустар (6,9%) әлдеқайда аз. Қоғамдық көліктердің негізгі бөлігін, статистикалық есептерге сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында ғана сатып ала бастады. Яғни 109 электробус тіркелді, ал биыл наурыздың соңына қарай олардың саны 134-ке жетті.

Электробус қалалық қоғамдық көліктері көбіне Астана (67) мен Алматыда (32) байқалады. Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы мегаполистегі қалалық маршруттарға электр қозғалтқышы бар 115 автобус шығарылды. 2023 жылдың соңына дейін Астананың электр автобустар паркі 300-ге дейін артады.

1,2 мың немесе 63,9% батареялы автомобильдер Алматыда тіркелген. Бұған бірнеше фактор әсер еткен. Соның бірі – қалада миллионер-кәсіпкерлердің жоғары концентрациясы.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды