796

Талдықорғанда білім саласын 6 жыл басқарған экс-басшының мүрдесі табылды

Талдықорғанның білім саласын 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың мүрдесі өзен жағасынан табылды, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Талдықорғанда білім саласын 6 жыл басқарған экс-басшының мүрдесі табылды
kaz.kazlenta.kz

Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.

«Әйел адамның денесінде зорлық-зомдылық белгілері жоқ. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған. Аталған факті қалалық полицияға тіркелді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Роза Бармановадан кейін Талдықорған қалалық білім саласын Жандос Жолдыханов басқарды. 2023 жылдың 27 сәуірінде ол 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталған.