Эфиопияның экс-президенті Astana Hub-қа келді

12.06.2023, 17:33
612
Эфиопияның экс-президенті Astana Hub-қа келді astanahub.com

Астана Халықаралық форумы мен шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысу және жергілікті экожүйемен танысып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен Эфиопия Демократиялық Республикасының делегациясы келді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Технологиялық стартаптарға венчурлық инвестиция құю саласы қызықтыратын Эфиопия өкілдері мен ірі кәсіпкерлер Astana Hub-та болды.

Технопарктың бас директоры Мағжан Мәдиев қонақтарға экскурсия өткізіп, Astana Hub-тың жұмысымен таныстырды. Кездесуге Эфиопияның бұрынғы президенті, Анкарадан келген Эфиопияның Қазақстандағы миссиясы басшысының орынбасары, ҚР-ның Эфиопия Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, ҚР-ы Эфиопиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, “Kazakh Invest” ҰК АҚ өкілдері және т.б. қатысты. 

"Бұл сапар біз үшін қазақ және эфиоп халықтары бірлігі ғана емес, бизнесі үшін де өте маңызды. Бұл менің мұнда бірінші рет келуім және мен үлкен әсер алдым. Маған жергілікті халық, тағам және сіздің ғажайып қалаңыз ұнайды. Болашақта біз үшін Қазақстанда бизнес жүргізуге мүмкіндік көп болады. Astana Hub әсіресе жас ұрпақ үшін өте маңызды жұмыс атқарып жатыр. Бізде студенттер мен оқушылар көп. Біздің халық саны 120 миллион адам, оның 60% - ы жастар. Сондықтан біз оларды оқытып, олар үшін жақсы жағдай жасауымыз керек. Сіздердің ақпараттық технологиялар экожүйеңіз және peer-to-peer, friend-to-friend оқыту әдістемеңіз өте маңызды және біз сіздерден көп нәрсе үйренеміз деп үміттенеміз", – деді Анкарадан келген Эфиопияның Қазақстандағы миссиясы басшысының орынбасары, Е.П. Елші Мулие Тарекегн Эдлие.

Кездесу қорытындысы бойынша Harambee University СЕО мен қожайыны Бедасса Фейисса Аррасса мырза Alem school бағдарламалау мектебіне және университетпен серіктестікте Эфиопияда осы мектепті ашуға қызығушылық танытты. Astana Hub басшылығы өз кезегінде Эфиопияда акселерация бағдарламаларын іске қосуға  көмектесуге дайын екенін білдірді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады