"Бәрібір сәлемімді алмайды": Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен арадағы келіспеушілік жайлы не айтты

13.06.2023, 12:38
8451
"Бәрібір сәлемімді алмайды": Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен арадағы келіспеушілік жайлы не айтты youtube.com/elimaikz

Танымал театр актері Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен арадағы келіспеушілік туралы алғаш рет сұхбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ол кісі менің ұстазым. Ол кісіге көмектесу үшін шама-шарқым келгенше әрекет жасадым. "Аға, қойыңыз, тоқтаңыз", - деген жанашырлықты ол басқаша қабылдады. Біреудің айтуымен деген сияқты... Өзі солай ойласа, мен не істеймін? Жанашырлық танытсаң, оны біреу керісінше қабылдайды. Мен барынша, шамам келгенше ол кісіге ағам ретінде, ұстазым ретінде жақсылық жасауға тырыстым. Ал ол кісіге кім ақыл берді, кім кеңес берді әлде өзі солай түсінді ме? Білмеймін. Бұл туралы әлеуметтік желі, газет-журнал, теледидар, барлығына айтардай айтты. Бірақ мен оны тайталасып айтқым келмейді. Өйткені өзімнің пейілім, көңілім таза екенін білемін. Керек емес нәрсе ол", - деді актер.

Сондай-ақ Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловтың әйеліне министрден кешірім сұратпақ болған деген сұраққа да жауап берді.

"Мұны қазір қазып, шу қылып, айтқым келмейді. Бұдан ешкім береке таппайды. Қара нәрсемен, қараңғы нәрсемен алысудың орнына, адам жақсылыққа, жарыққа ұмтылуы қажет. Менің принципім сол. Мен қалай айтамын? Сол кісіде оқыдық. "Барайық, ана кісі кетіп бара жатыр. Анасың ғой сен. Мүмкін саған тоқтайтын шығар. Мына жағдай тоқталар, бір ыңғайға келер",- дегенім рас. Мен гений емеспін. Шамам жеткені сол. Айттым. "Ана кісі ертең түрмеге кетіп қалмасын", - дедім. Ал маған үй алып бердім дегені өтірік. Маған спонсор тауып, үй алып берген - Болат Атабаев", - деді Ерлан Біләл.

Актер ұстазымен қазір де көрісіп қалатынын жасырмады.

"Иә, кездесіп қаламын. Амандассам кейде ол кісі алмай кетеді. Шариғатта кім бірінші амандасса, ол Алла тағаланы есіне алған адам дейді. Парызым, борышым ба? Мен бірінші амандасамын. Амандаспаса өзі біледі. Сәлемімді алмай кетсе, өзі біледі. Алса, тағы өзі біледі. Әлі де солай, көргенде амандасам. Кейде асыра сілтеп қойса, амандаспаймын. Бәрібір сәлемімді алмайды. Жақын кеп қалса, амандасам. "Тіліңіз жеткенше бәрін айттыңыз ғой. Қоялық. Тату болайық, амандасайық, сәлемдесіп жүрейік", - дедім. Бұл өмір кімнен қалмаған өмір? "Тоқтап, түзу жүрелік", - дедім. Иә деп те, жоқ деп те айтпады", - деді актер.

Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды