Абай облысындағы тракторшының өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болған
10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итінің көмегімен табылды.
Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды.