Вайнерлер ісі: Прокурор белгілі вайнерлерді бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

14.06.2023, 09:29
501
Вайнерлер ісі: Прокурор белгілі вайнерлерді бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады inform.kz

Алматыда ASTEX.KZ, Mudarabah Capital қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сот отырысы онлайн форматта өтті. Оған 12 айыпталушы қатысты. Олар Қылмыстық кодекстің екі бабы: 217-бабы ( 3 – бөлігі, 1 және 2 – тармақшасы) «қаржы пирамидасын құру және басқару» және 262-бабы (1 және 2 бөліктері) - «ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару» бойынша айыпталуда. Прокурор олардың әрқайсысына 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа 217-бап ( 3-бөлігі, 2-тармақшасы) бойынша бес жылға бас бостандығынан және жеті жылға бизнеспен айналысу құқығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, олар жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуі керек екенін айтты.

Тергеу барысында 262-бап (2-бөлік) және 217-бап ( 3-бөлігі, 1-тармақшасы) бойынша вайнерлердің кінәсі дәлелденбеді, сондықтан прокурор олардың айыптарын алып тастауды сұрады.

Жәбірленушілер прокурор сұраған жазаларды әртүрлі қабылдады. Кейбірі қанағаттанса, кейбірі жазаны жеңіл деп санады. Жәбірленушілер сондай-ақ Шыңғыс Құрманғалиевті, Ораз Әділет пен Әзімжан Саидбаевты қылмыстық жауапқа тартуды талап етті.

Соттың жалғасы 14 маусым күні болады.

Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО)