Еуроодақ әлемде бірінші болып жасанды интеллекттен қорғану туралы заң қабылдайды

14.06.2023, 10:07
674
Еуроодақ әлемде бірінші болып жасанды интеллекттен қорғану туралы заң қабылдайды smartnews.kz

Сәрсенбіде Еуропарламент жасанды интеллект туралы заң қабылдады. Енді ол Еуропалық кеңесте ЕО-ның барлық елдері келісіп, мақұлдағаннан кейін күшіне енеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Заңда ЖИ жүйелері еуропалық азаматтар мен тұтынушылар үшін тәуекел дәрежесі бойынша топтарға бөлінеді және әр топ үшін өз шектеулері мен бақылау шаралары енгізілген. Мысалы, адамдардың санасына әсер ету үшін құрылған жүйелер, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін биометриялық тану жүйелеріне тыйым салынады. ChatGPT тәрізді контент жасайтын жүйелер өз өнімдерін нақты белгілеп, оны тірі адамдардың шығармашылығы ретінде көрсетпеуі керек.

«Еуропарламент депутаттары жасанды интеллект жүйелерінің адамдардың бақылауында болуын, олардың қауіпсіз, ашық, қадағаланатын, пайдаланушыларды кемсітпеуін және қоршаған ортаны қорғауға ықпал етуін қамтамасыз еткісі келеді», – деп түсіндірді Еуропарламенттің баспасөз қызметінен мамыр айында заң жобасын әзірлеу барысында.

13 маусымда өткен пікірталас кезінде Еуропарламент депутаттары бетті тану жүйелері туралы тармақтарға көп көңіл бөлді. Жобада мұндай жүйелерді тек «постфактум» (нақты уақыт режимінде емес), тек қылмыскерлерді, террористерді және жоғалған адамдарды іздеу үшін және тек сот шешімімен қолдануға рұқсат беру ұсынылады. Еуродепутаттарының көпшілігі мұндай шешімге дауыс дауыс берген. Бірақ кейбірі бет-әлпетті тану жүйелеріне мүлдем тыйым салуға шақырады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды