Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

14.06.2023, 10:39
451
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жүлдегер атанды t.me/oqu_agartu

Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Шымкент қаласындағы НЗМ оқушылары US Open FIRST LEGO League халықаралық чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, чемпионатқа әлемнің 20 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан. Шымкенттік «Clutch» тобы Innovation Project Award номинациясында үздік үштікке еніп, қола жүлдеге ие болды. Олар жел генераторы мен күн панельдерінен алынатын электр энергияны сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық жоба ұсынған болатын. Жел электр станциясын дайындаған қарағандылық «JelToqSun» командасы ел тарихында алғаш рет жарыстың Champions Award басты жүлдесінің 3-орнына қол жеткізді.

«Біз чемпионатқа жарты жылдан астам уақыт дайындалдық. Үш күндік жарыс біз үшін өте қызықты болды, өйткені мықты қарсыластар келді. Алғашында қобалжығанмен ішкі қорқынышты жеңіп, өз қабілетімізді көрсете алдық. Біз роботтар ойынында көшбасшылар қатарында болдық. Инновациялық жобаны таныстырып, өзіміздің ұйымшылдығымызды көрсете білдік», – дейді қатысушылардың бірі Акбар Ермеков.

Жарыс арасында қазақстандық оқушылар MIT, Boston University және Harvard секілді беделді оқу орындарының инженерлік факультеттеріне барып, профессорлармен жеке танысты. Олардың пікірін тыңдап, өз тәжірибелеріне қажет кеңес алды.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда да Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жыл басында USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды