604

Зейнеткерлерді 40 млн теңгеге алдап соққан алаяқтар ұсталды

Қостанай облысында қоңырау шалу арқылы 13 зейнеткердің ақшасын алаяқтықпен иемденген күдіктілерді полицейлер қолға түсірді, деп хабарлайды smartnews.kz  сайты.

Зейнеткерлерді 40 млн теңгеге алдап соққан алаяқтар ұсталды
smartnews.kz

Бірнеше айлар бұрын телефон арқылы зейнеткерлерге белгісіз бір адамдар хабарласқан. Өздерін жәбірленуші, тіпті полиция қызметкері деп таныстырған алаяқтар зейнеткерлердің жақындары жол апатына, я болмаса ауруханаға түскені туралы жалған хабар берген. Сол арқылы зейнеткерлерді бопсалап, олардан көп көлемде ақша талап етіп отырған. 

Соңғы екі ай көлемінде осы іс бойынша 13 дерек тіркелген. Осылайша жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен Қостанай ПБ Солтүстік бөлімі бірнеше күдіктілерді анықтаған. 

Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаровтың сөзінше, күдіктілер 6 жас жігіт. Олардың арасында кәмелет жасына толмағандардың да бары анықталған. Күдіктілердің берген мәлімдемесі бойынша олар өздеріне белгісіз бір делдалдардың нұсқау беріп отырғанын айтқан.

Материал авторы