Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қандай мүлкі заңсыз сатылып кеткен

14.06.2023, 14:31
640
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қандай мүлкі заңсыз сатылып кеткен kaznaru.edu.kz

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мүлкінің «ту-талақайын» шығарған. Бұл жайында Бас прокурор Берік Асыловтың атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«AMANAT» партиясы еліміздегі заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесіне ерекше назар аударады. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ оқытушы-ғалымы Мәжіліс депутаттарына университеттен заңсыз шыққан активтерді оқу орнына қайтару туралы өтініш жасады.

Университет ұжымы басқа меншік иелеріне заңсыз өткен активтер тізімімен таныстырды: 2001-2022 жылдары 3 студенттік жатақхана (1000 төсек-орындық), 5 оқу-зертханалық корпус (18828,5 шаршы метр) әкімшілік-шаруашылық ғимараттар және өзге де жылжымайтын мүлік объектілері (700 шаршы метр), университет ғимараттарына іргелес жер учаскелері (шамамен 5 гектар), Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы жер учаскелері (12 гектар) қолды болып кеткен. Қазақтың жалпақ тілімен айтсақ, университет мүлкінің «ту-талақайын» шығарған», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған нысандарды иеленген заңды тұлғалар оқу корпустарының аумағында тұрғын үй кешендерін салған. Жатақханаларды қонақ үй етіп қайта жабдықтаған. караоке, басқа да ойын сауық орындарын ашқан. Кейбір оқу корпустарын бизнес-орталықтарға айналдырған.

«Осы фактілер қаншама жастар мен оқытушыларды басына отырып, жеткіншек ұрпақтың моральдық-рухани әлеміне ойсырата жасалған соққы, әділеттілік принциптерін таптау болып саналады. Университет ұжымы активтерді сату немесе оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы барлық шешімдер ректор Т.И.Есполовтың тұсында қабылданғанын жеткізіп отыр. Бас прокуратура елімізде заңдылықты бақылап отыратын орган ретінде мынадай қадамдар жасауға: заңсыз қолды болған активтерді қайтару комиссиясы аясында аталған ғимараттардың мемлекет меншігіне қайтарылуын жедел қамтамасыз етуге; 2001-2022 жылдары осындай заңды белшесінен басып, барып тұрған бассыздыққа барған шенеуіктердің заң алдында жауапкершілігін анықтауға; еліміздегі басқа да жоғарғы оқу орындарының меншікті заңсыз беру мәселесіне аудит жүргізуге тиіс деп санаймыз», - деді Ерлан Саиров.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды