Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтуға арналған орталық салынады

14.06.2023, 15:59
488
Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтуға арналған орталық салынады smartnews.kz

Елордада мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға арналған 150 орындық орталық салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бас шаһардың коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Азамат Оспанов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстанда мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде елордада 150 орынға арналған мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайында 30 төсек-орынға арналған шағын үй ашу жұмысы жүріп жатыр. Бұған қоса, қалада 100 орынға шақталған психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер үшін филиал ашу мүмкіндігі қарастырылуда», - деп бөлісті Азамат Оспанов.

Мұнымен қатар, брифингі барысында спикер былтыр сал дертімен ауырған 37 елордалық оңалтудан кейін аяққа тұрғанын мәлімдеді. Жалпы бүгінгі таңда елорда аумағында 5 556 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты