Алматы облысында 15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

14.06.2023, 18:45
578
Алматы облысында 15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды smartnews.kz

Алматы облысында күрделі жөндеуден кейін жеке қолға сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жалпы мектептердің тапшылығы анық. Бүгінде 51 үш ауысымды мектеп бар. Сатылған мектеп туралы айтсақ, біраз соттастық. 8 маусым күні алған адам, мектепті өз еркімен Үкіметке қайтарып берді», - деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысында мемлекеттік мектептің 15 млн теңгеге сатылып кеткені туралы мәселе қозғаған еді.

«Өткен аптада ғана өңірден келдім, сапармен. Сұмдық айтайын, біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломонов дейтін орта мектеп болған. 250 балаға арналған. Соңғы жылдары күрделі жөндеуден өтті. Жаңа спортзал салды, балалар қуанып жүргенде сол мектепті жеке қолға сатып жіберді», - деген еді депутат Мәжіліс отырысында.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)