Өртпен күресуге дайын емес азаматтарды отқа кім айдап салғанын тексеру қажет – Ерлан Қошанов

14.06.2023, 19:18
748
Өртпен күресуге дайын емес азаматтарды отқа кім айдап салғанын тексеру қажет – Ерлан Қошанов parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Абай облысындағы өрттің себебі, Қостанай трагедиясынан тиісті органдардың неге сабақ алмағаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болып тұрады. Әсіресе осы орман өрті саласында биыл өте үлкен бір жағдай болды деп айта аламыз. Өкінішке қарай, көптеген азаматымыздан, арыстардан айырылып қалдық. Осы мүмкіндікті пайдаланып тағы да Мәжіліс депутаттары атынан қайтыс болған азаматтардың отбасына, жақындарына бірге қайғырып, көңіл айтамын. Өрт, су – тілсіз жау дейді. Апат айтып келмейді ғой. Бірақ сол тосыннан болған жағдайға, апаттарға тосқауыл қою да оңай емес. Біз оның қай күні, қай жерден келіп қалатынын да білмейміз. Мемлекетіміз үлкен, аумағы үлкен, өзіңіз білесіз. Бірақ сонда да, адамның өміріне қатысты болған кезде, елді мекендердің жағдайына қатысты болған кезде, әрине, біздің тиісті қызмет көрсететін органдарымыз, тиісті мамандар, жауапты тұлғалар, сақадай сай болуға тиіс. Өкінішке қарай, бұл жағдай бүгінде орын алмай отыр. Бұл туралы кеше Президентіміз өзінің бағасын берді», - деді Мәжіліс спикері.

Сондай-ақ, ол бүгінде осы мәселе бойынша көпшілікті алаңдатып отырған сауалдарға тоқталды.

«Сұрақ көп. Ең бірінші сұрақ, мұның себебі неден? Кім орманды отқа орады? Екіншіден, осы азаматтарды, тіпті өртпен күресуге дайын емес азаматтарды, қолдарында құралы, техникасы жоқ, өздерінің көлігімен бірге сол отқа кім айдап салды? Оған кім бұйрық берді? Бұл да сұрақ. Негізгі кінәлілерді құзыретті органдар тексеріп, тергеп жатыр. Соның қорытындысында білеміз деп ойлаймын», - деді Ерлан Қошанов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді