Лондонда ежелгі Рим дәуіріндегі кесене табылды

14.06.2023, 20:20
602
Лондонда ежелгі Рим дәуіріндегі кесене табылды bbc.com

Лондонның оңтүстігіндегі Саутуарк аймағында қазба жұмыстарын жүргізген археологтер қабырғалары мен едендері жақсы сақталған Рим дәуіріндегі бірегей кесенені тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, бұл Британия рим колониясы болған кезде Лондиниумның ауқатты тұрғындары үшін жерлеу орны болған. Кесене қалпына келтірілгеннен кейін оны тұрақты экспозицияға айналдыру жоспарланып отыр.

Ел астанасының оңтүстігіндегі қазба жұмыстары Лондон археологиялық мұражайы (MOMA) қызметкерлерінің басшылығымен жүргізілді. Археологтердің айтуынша, бұл Ұлыбританияда табылған алғашқы Рим кесенесі емес, бірақ бұл кесененің ортасындағы мозаикалық едені мен баспалдақ қалдықтары өте жақсы сақталған.

Зерттеушілерді таң қалдырғаны, бірінші мозаикалық еденнің астында ұқсас ою-өрнегі бар екіншісі табылды. Олардың пікірінше, кесенені бір сәтте қайта құру немесе жаңарту туралы шешім қабылданған. Қалай болғанда да, бұл қатты құрылым немесе екі қабатты болуы мүмкін.

Кесене қабір ретінде қызмет етуі керек болса да, онда саркофагтар табылмаған. Бірақ, жүзден астам монеталар, керамикалық бұйымдардың фрагменттері, плиткалар мен металдар табылды.

Саутуарк археологтері қазба жұмыстарын көптен бері жүргізіп келеді. Кейінгі 50 жылдағы ең үлкен мозаика 2022 жылы табылған.

Мұражай қызметкерлері табылған кесене фрагменттерінің үш өлшемді моделін жасады және жақын арада оның қай жылы салынғанын, сондай-ақ бұрынғы иесін дәл анықтауға үміттенеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды