619

Қытайда XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды

Бейсенбі күні Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Азия ойындары-2022 ұйымдастыру комитетіне сілтемемен.

Қытайда XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды
Xinhua

2022 жылғы Азия ойындарының алауы бүгін Қытайдың шығысында, Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында жағылды. Бұл – XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді.

Ойындар 2023 жылдың 23 қыркүйегінен 8 қазанынан дейін Ханчжоуда өтеді.

photo

Азия ойындары Қытайда үшінші рет ұйымдастырылмақ. 1990 жылы жарыс Бейжіңде, 2010 жылы Гуанчжоуда өтті.

photo

Азия ойындары-2022 ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Ханчжоудағы ойындардың спорттық бағдарламасында 40 спорт түрі, 61 дисциплина және 483 іс-шара енген. Киберспорт пен брейк-денс жарыстары Азия ойындарында алғаш рет өткелі жатыр. Әлемдік додаға Азия елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан 12 мың спортшы қатысады.