23 маусымнан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота енгізіледі

15.06.2023, 12:08
622
23 маусымнан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота енгізіледі smartnews.kz

Министр Ербол Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығы жануарларын ҚР аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 000 бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні әкетуге 6 ай мерзімге квота енгізілсін», - делінген ведомство басшысы қол қойған бұйрықта.

Белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, жануарлар карантинге қойылады және құзырлы орган оларға ветеринариялық сертификат беруді бұғаттайды.

Құжатқа сәйкес, бұқаларды карантинге қою үшін лимит 60 мың бас. Оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;

- тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас.

Ал еркек тоқтыларды карантинге қою үшін лимит 120 мың бас. Оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;

- тауар өндірушілер үшін – 90 000 бас.

«Қазақстан аумағынан бұқаларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық мөлшері 500 бастан аспайды. Ал тауар өндіруші үшін 200 бастан көп болмауы тиіс. Еркек тоқтыларды әкетуге квота алуға үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жалпы көлемі – 1 000, бір тауар өндіруші үшін 500 бастан аспауы қажет», - деп жазылған құжатта.

Бұйрық 23 маусымнан бастап күшіне енеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды