884

Air Astana әуе компаниясы Израильге тікелей әуе рейстерін ашады

Қазақстандық әуе компания халықаралық рейстерді көбейту мақсатында Израильге бағытталған тұрақты рейстер ашады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Air Astana әуе компаниясы Израильге тікелей әуе рейстерін ашады
zhaikpress.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларымен бірігіп, халықаралық рейстерді көбейту мен оның география аясын кеңейту үшін бірқатар жұмыстарды атқарып жатыр.

Тиісінше, биыл 7 қыркүйектен бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша аптасына екі рейс (бейсенбі мен жексенбі күндері) тікелей ұшу мүмкіндігін ашпақ.

ҚР ИИД министрлігінің баспасөз орталығының айтуынша, Қазақстан мен Израиль арасындағы тұрақты, әрі тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-саттық, инвестициялық, экономикалық, мәдени және туристік байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Дана Асылбекова

Материал авторы