Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына пәтер табысталды
Семей орманындағы өрттен қайтыс болған жандардың отбасына жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлерде енді 14 орманшы мен тракторшы Сергей Архиповтың отбасы тұрады. Толықтай тұрмыстық техникалар мен жиһаздар жабдықталған 2 және 3 бөлмелі пәтерлерді Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев табыстады.

Дана Асылбекова
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші