Алматыда полиция салық төлемегендердің автокөлігін ұстай бастады
Алматы қаласында полиция салық берешегі бар жүргізушілерді ұстауда, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Салық берешегін өндіру мақсатында Алматы қаласы полиция департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп, борышкерлерді жедел ұстау ісімен айналысып жатыр.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, жеке сот орындаушыларының қаулысы бар борышкер автокөліктерін «Сергек» камераларының көмегімен анықтап, салық берешегі толық өтелгенге дейін көлік айыппұл тұрағында болады.
Дана Асылбекова
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші