Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірген қылмыстық топ ұсталды

15.06.2023, 17:22
669
Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірген қылмыстық топ ұсталды smartnews.kz

Ұлытау облыстық полиция департаменті арнайы операция нәтижесінде Жаңаарқа ауданында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Арнайы операция төңірегінде оқиға орнынан 23 күдікті ұсталған. Олардың ішінде Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны қылмысты ұйымдастырғаны белгілі болды. 

Күдіктілер құрамында алтын бар кенді заңсыз түрде ашық игеруден алып, оны ұсақтап, жуған. Оқиға орнынан полицейлер грамдық таразы, ұсатқыш станок, құрамында алтын бар 2 тоннадан астам кен мен көлемі 70 грамм алтын тәркілеп алды.

Қылмыстық топ ұсталған жерден арнайы техниканың 7 бірлігі – жүк көліктері, самосвалдар, экскаватор алынды. Сондай-ақ жауынгерлік патрондармен ату үшін қайта жасалған тапанша тәркіленді.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз орталығының берген ақпаратына сәйкес, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 295-1-бабы (Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу), ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 288-бабы (Салық салынатын кірісті азайту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқандықтан, тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады және күдіктілерге қатысты өзге ақпараттар жарияланбайды.

 

Дана Асылбекова

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды