Атыраудағы түзеу мекемелеріне 16 электронды терминал орнатылды

16.06.2023, 09:16
568
Атыраудағы түзеу мекемелеріне 16 электронды терминал орнатылды smartnews.kz

Атыраудағы түзеу мекемелеріне 16 электронды терминал орнатылды. Бұл жазасын өтеушілерге қарсы азаптауды түбегейлі жоюға ықпал етеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлының айтуынша, азаптау туралы істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарына жүктелген.

«Мемлекет басшысы азаптауға жол беруге болмайтынына, әрбір бұзушылық фактісі бойынша тиісті шаралар қабылдануы қажеттігіне көңіл аударып отыр. Осыған орай азаптауды түбегейлі жою және оны болдырмау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пенитенциярлық мекемелер жаппай бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Прокурорлар камералар арқылы үнемі онлайн (қашықтан) мониторинг жүргізіп, қамауда отырғандардың құқықтарының сақталуына қадағалау жүргізуде», -деп хабарлады Нұржан Серікұлы.

Оның айтуына қарағанда, түзеу мекемелерінің қолжетімді жерлеріне 16 электронды терминал орнатылған. Бұл сотталғандардың прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға өтініш беру рәсімін жеңілдеткен.

«Сотталғандарға өтініш жолдаудың тәртібі түсіндірілді. Терминал қамаудағыларды ЖСН және биометриялық мәліметтері арқылы таниды. Саусақ іздерін сканерлегеннен кейін терминал өтінішті қабылдап, арнайы талон береді. Бастысы, бұл процестердің барлығы мекеме әкімшілігінің қатысуынсыз жүзеге асырылады. Олардың заңсыз әрекеттеріне кедергісіз шағымдануға мүмкіндік береді. Бұл заң бұзушылықтардың алдын алуға, уақытылы анықтауға жол ашады», -деп мәлім етті Нұржан Серікұлы.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады