Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» атанды

16.06.2023, 11:32
886
Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» атанды Instagram/aisultan

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» дебюттік фильмі үшін ХХV Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Кинофестиваль бағдарламасына фильмді Айсұлтан Сейітов, «Qara Studios» бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды. Картина шорт-листке еніп, «Asian New Talent» санаты бойынша үш номинацияға іліккен еді:

Best Film – Aisultan Seitov

Best Director – Aisultan Seitov

Best Script Writer – Ablay Nurmanbetov

Жүлде статуэткасы мен фестивальдегі суреттерін Айсұлтан Сейітов желідегі парақшасында жариялады.

photo

 

«ҚАШ» 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық қасіретін екі ағайындының басынан өткен оқиға арқылы баяндайды. Фильмнің түсірілімі 2020 жылы басталса, 2022 жылы туынды Қазақстанға кеңінен тарады. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық сыншылар тарапынан да бірқатар марапатқа ие болды. Жақында әлемдік прокатқа жіберіледі.

Шанхай кинофестивалі – кең халықаралық бағдарламасымен әйігілі Қытайдың ең ірі кинофестивалі және әлемдегі ең беделді байқаулардың бірі. Шара 18 маусымға дейін жалғасады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді