Ыстанбұл-Астана рейсінің жолаушылары 70 алтын жиынтығын елге заңсыз алып өтпек болған

16.06.2023, 15:21
683
Ыстанбұл-Астана рейсінің жолаушылары 70 алтын жиынтығын елге заңсыз алып өтпек болған ҚМА баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайында бағалы тастармен көмкеріліп, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың 70 жиынтығын елге заңсыз әкелу фактісі анықтарды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы бойынша МКД «Әуежай Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мен Астана қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері бірлесіп, елорда әуежайында бағалы тастармен көмкеріліп, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың 70 жиынтығын заңсыз әкелу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, 1 мамыр күні «Ыстанбұл-Астана» авиарейсінің кеден бақылауынан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының үш азаматының багажын рентген-телевизиялық жабдықты қолдана отырып тексеру кезінде жеке заттардан зергерлік бұйымдардың аксессуарлары (затбелгілер, түймелер, құлыптар, бекіткіштер) ретінде жасырылған асыл тастары бар алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар жиынтығы табылды. Өнімнің жалпы салмағы 800 грамнан асады. Бұл бұйымдардың құнын анықтау бойынша сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралады.

Айта кетсек, бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына қатысты ЕАЭО кедендік аумағынан әкелу және әкету кезінде рұқсат беру тәртібі қолданылады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)