Astana Hub-та жүргізуші куәлігіне тест тапсыру үшін прокторингтің инновациялық жүйесін құру бойынша Pitch Day өтті

17.06.2023, 15:09
630
Astana Hub-та жүргізуші куәлігіне тест тапсыру үшін прокторингтің инновациялық жүйесін құру бойынша Pitch Day өтті Astana Hub

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және Astana Hub ұйымдастырған Pitch Day-де 5 стартап конкурстық комиссия алдында сөз сөйледі. Қазылар алқасы азаматтардың жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан өткізу кезінде пайдаланылуы мүмкін прокторинг жүйесінің презентациясымен танысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

"Мемлекеттік корпорация IT-сектордың дамуын және осы саланың  инновациялық шешімдерін қолдайды. Pitch day-ге қатысушылар аутентификация, авторизация және қашықтан прокторинг жүйелерін, әкімші интерфейстерін және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда, инновациялық IT шешімдернің кең түрін ұсынды. Біз компаниялар мен бағдарлама әзірлеушілерді инновациялық шешімдер ұсынуды жалғастыруға және ел игілігі үшін мемлекетпен ынтымақтасуға шақырамыз" – деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ IT жөніндегі басқарушы директоры Шыңғыс Оразалимов.

Pitch day-ге қатысқан стартаптар:
- MN Partners, скоринг ерекшеліктері бар прокторинг жүйесі, бейне және аудио байланыс арқылы проктормен байланысу, чат, екінші камераны қосу, тірі прокторинг, тест құруға арналған кіріктірілген жүйе, респонденттің сенімін пайыздық қатынаста бағалайтын жан-жақты есептер;
- Oes, онлайн емтихандардың автоматты прокторинг жүйесі;  білім беру мекемелеріне, кәсіпорындарға және бизнеске сенімді онлайн-тест өткізуге, ұйымдастырушылық шығындарды азайтуға, уақытты үнемдеуге көмектеседі;
- "Платон" ААЖ жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандар өткізуді, оның ішінде теориялық емтихан тапсыруға өтінімдерді қабылдауды/өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- Oqylyq.kz қашықтан оқыту және білімді бағалау үшін қолданылады. Автоматтандырылған прокторинг және плагиатқа қарсы қосымша модульдер емтиханды/тестті қашықтан объективті және адал өткізуді қамтамасыз етеді;
- Examinator, қашықтан прокторинг және автопрокторинг мүмкіндігі бар емтихан тестінен өту жүйесі.

Конкурстық комиссия мүшелері ұжымдық талқылаудан кейін жүргізуші куәлігін прокторинг жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу үшін Oqylyq.kz жүйесін таңдау туралы шешім қабылдады. Бұл жүйе биометриялық сәйкестендіруді қарастырады, емтихан кезінде қолдану әрекеттерін тіркейді және талдайды, емтихан тапсырушыны нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, пайдаланушылардың іс-әрекеттерін тіркейді және емтиханнан өткені туралы сертификатты автоматты түрде жасайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады