Қазақстан ШЫҰ-ның туризмді дамыту келісіміне қосылады

17.06.2023, 20:44
782
Қазақстан ШЫҰ-ның туризмді дамыту келісіміне қосылады inform.kz

Еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісіміне қосылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2022 жылғы 16 қыркүйекте Самарқандта жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қосылсын. Сыртқы істер министрлігі келісімге ҚР Үкіметінің қосылатыны туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығын хабардар етсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, аталған келісімге қосылу туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бермек.

«Осы келісімге қосылу Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше басқа да мемлекеттердің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді. Құжат Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген», - деп жазылған құжатта.

Үкімет қаулысы 1 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады