686

Катонқарағайдағы орман өрті оқшауланды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында орман өртінің таралуы тоқтатылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Катонқарағайдағы орман өрті оқшауланды
smartnews.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ұлттық табиғи паркі Ақсу филиалының аумағында шыққан қызыл жалынның беті қайтты.

«Алдын ала дерек бойынша Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) тұтанған өрттің жалпы ауданы 15 гектарды құрады. Шөп пен бұталарды шарпыған от сағат 14.00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 11 адам, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, «Авиаорманқорғау» мекемесінен 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.