Атырауда жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмды

18.06.2023, 18:05
516
Атырауда жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмды видеодан алынған кадр

Атырауда жол апатынан бір отбасының 6 адамы мерт болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, жергілікті уақытпен сағат 9:10 шамасында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда Lada Priora пен Yutong автобусы соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктегі 5 жолаушы мерт болды. Көз жұмғандардың арасында 1985 жылғы әйел, 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы балалар бар. Lada Priora жеңіл көлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан көз жұмды. Мерт болғандар бір отбасының мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың төрт баласы», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жеңіл көлікпен соқтығысқан Yutong автобусы Атырау қаласынан Қызылқоға ауданындағы Сағыз стансасына күн сайын жолаушы тасымалдайтын қоғамдық екені анықталды.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды