Министрлік ТОП-5 туристік қалалар тізімін жасады

19.06.2023, 09:19
715
Министрлік ТОП-5 туристік қалалар тізімін жасады smartnews.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы туристік ТОП-5 қаланың тізімін жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Биылғы жылдың алғашқы айларында, дәлірек қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен 2022 жылмен салыстырғанда 36% - ға өскен. Еліміздегі азаматтар көп саяхаттайтын қалалардың бестігін мына қалалар құрайды:

5 ОРЫН. АҚТАУ
Үздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау қаласы ашады. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал, жазғы маусымға қарай, туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.  

4 ОРЫН. АТЫРАУ
Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған. Демек, жазғы маусымда Атырауға келушілер саны артатын болады. 

3 ОРЫН. ШЫМКЕНТ
Қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез-келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады. Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағы демалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады. 

2 ОРЫН. АСТАНА 
Астана – әкімшілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдайтын басым бағыттардың бірі. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.  

1 ОРЫН. АЛМАТЫ 
Тау-шаңғы курорттары, сұлу табиғат, қолайлы климат пен қонақжайлылық. Осы және басқа да артықшылықтары бар Алматы еліміздегі бірегей туристік қала. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыру мақсатында шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Аталған ішкі туризм мәселесін жандандыру үшін, Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарламаларды әзірлеп, іске қосқан. Сол жаңа бағдарламалардың төңірегінде саяхатшы азаматтар 30%-ға дейін үнемдеуіне болатынын мәлімдейді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды