Алматыда 72 сағат ішінде от жаққаны үшін жарты миллион теңгеден аса айыппұл салынды

19.06.2023, 10:07
583
Алматыда 72 сағат ішінде от жаққаны үшін жарты миллион теңгеден аса айыппұл салынды ТЖД

2023 жылғы өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде рұқсат етілмеген жерлерде от жаққаны үшін ҚР ӘҚ 505-бабы бойынша 13 әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚ 367-бабы бойынша  жалпы сомасы 2 070000 теңгені құрайтын айыппұл түрінде 6 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Оның ішінде тек үш тәулік ішінде 690 000 теңге айыппұл салынды.

ҚР ӘҚ 367-бабының 3-бөлігінде сәйкес ормандардағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігі мен санитариялық қағидалар талаптарын бұзу жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш – 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Алматыда өрт қаупі жоғары екенін ескере отырып, ТЖД таулы-орманды жерлерде өрттің алдын алуға және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізілуде.

Алматы қаласы ТЖД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен, Іле–Алатау паркінің өкілдерімен және еріктілермен тұрақты негізде қала тұрғындары мен қонақтары жиі шоғыраланатын демалыс орындарында патрульдеу жүргізуде. Оның барысында жадынамалар мен брошюралар түріндегі көрнекі құралдарды табыстау арқылы түсіндіру жұмыстары жасалады. Рейдтік іс-шараға  орман шаруашылығы мекемелерінің атты мен жаяу патрульдері жұмылдырылады, себебі олар қала тұрғындары жиі демалатын алыс қашықтықтар мен жету қиын учаскелерді жылдам жетеді.

Өрт ошақтарын ерте анықтау және рұқсат етілмеген жерде өрт жағу фактілерін  анықтау үшін тепловизорлармен және құлақтандыру жүйесімен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылады. ҰҰА мониторингінің арқасында таулы аймаққа кеңірек шолу жасалады, өйткені жаздың ыстық күндерінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары таулы-орманды жерлерге жаппай демалуға барады.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды және:
-от жақпауды,  тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдануды;
- темекі қалдықтарын тастамауды;
- күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпауды ұсынады.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған