Жас ғалымдар халықаралық олимпиададан төрт медаль жеңіп алды

19.06.2023, 12:02
571
Жас ғалымдар халықаралық олимпиададан төрт медаль жеңіп алды gov.kz

Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасының жеңісі жөнінде smartnews.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

11-17 маусым аралығында Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өткен Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадаға әлемнің үш континентінің 16 елінен 130 жас ғалым қатысқан. Қазақстан ұлттық командасының құрамына бұған дейін химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген. Олардың төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. Олар:

2-орын. Әділжан Молдағұлов— Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;  

2-орын. Диас Қоршыбек — Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

2-орын. Әлихан Смет — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

3-орын. Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Олимпиада екі кезең бойынша өтіп, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстар арқылы бағаланған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды