Робот полицейлер Сингапур әуежайын патрульдеп жүр

19.06.2023, 13:59
669
Робот полицейлер Сингапур әуежайын патрульдеп жүр Ryan Quek/Singapore Police Force

Бойы 210 см асатын және айналасын 360 градуста барлап, анық көре алатын роботтар кез келген заңбұзушыны арам ойынан айнытуы мүмкін. Дегенмен олардың арасында Robocop жоқ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл - Сингапур полициясы бес жылдан астам уақыт сынақтан өткізіп, Чанги әуежайын патрульдеуге жіберген екі робот.

Олар алдағы жылдары офицерлерге көмектесу үшін қала-мемлекеттің көшелерін патрульдейді деп жоспарланып отыр.

Сәуір айынан бері әуежайда патрульдік қызмет атқарған роботтар полицияның жергілікті жердегі «көзі мен құлағына» айналған.

Бір жағдай болғанда роботтар сол жерді қоршап, полицияның келуін күтеді және жарқ-жұрқ етіп, сирена мен динамиктің көмегімен айналадағы адамдарға ескерту жасай алады.

Адамдар роботтың алдыңғы жағындағы түймені басып, полициямен тікелей байланыса алады.

Сингапур полициясы жұма күні қала штатында роботтар біртіндеп көбейеді деп мәлімдеді.

«Робототехниканы іске қосу - алдыңғы қатардағы қызметкерлеріміздің операциялық тиімділігі мен мүмкіндіктерін жақсартады, олардың өз міндеттерін дұрыс орындауына жағдай жасайды», - дейді әуежай полициясының бастығы және операциялық офицер Лим Ке Вэй.

Әр роботта аудиохабарлама тарататын кірістірілген динамик және көрнекі хабарды көрсететін панель бар.

Биіктігі - шамамен 1,7 метр (5,5 фут), бірақ барынша ұзартқанда 2,3 метрге (7,5 фут) дейін жетеді.

Сондай-ақ олар 360 градустық бірнеше камерамен жабдықталған, бұл әуежай полициясына ағымдағы жағдайды басқару үшін «кедергісіз көрініс» алуға мүмкіндік береді.

Бұл - 5 млн астам халқы бар, технологияны жақсы меңгерген елде азаматтық міндеттерге қолданылатын соңғы үлгідегі роботтар.

Роботтың бұрынғы нұсқалары 2018 және 2022 жылдары қоғамдық шеруде қолданылған.

Коронавирус кезінде робот-иттер әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға көмек берді, ал тазалап-жинаушы роботтар бүкіл елдегі метро стансаларында, сондай-ақ әуежайларда көз үйренген көрініске айналды.

Сонымен қатар, көлік қызметкерлері ұшатын таксилер бар болғаны екі жылдан кейін шындыққа айналады деп үміттеніп отыр.

Бірақ роботтар салыстырмалы түрде кең тараған елде де халықтың жаңа келген «полиция қызметкерлеріне» үйренуіне біраз уақыт қажет болуы мүмкін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді