Маңғыстау облысында жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды

19.06.2023, 14:16
621
Маңғыстау облысында жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды egov.kz

Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломмен сабақ берген қызметкерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Талдаумен жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі анықталды, яғни Ақтау колледждерінде –5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істеген.

Прокурорлар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.

Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты.

Осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.

Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, 2022 жылы прокуратура ұқсас фактілер бойынша 14 қылмыстық іс тіркеген және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарды болашақ ұрпаққа қажетті білім беру және кәсіби ортаны қолдау үшін шынайы білім алуға шақырады.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады