Алматыда мобилографтар арасындағы тұңғыш фестивальдің жеңімпаздары марапатталады

19.06.2023, 15:44
866
Алматыда мобилографтар арасындағы тұңғыш фестивальдің жеңімпаздары марапатталады smartnews.kz

Бүгін 19 маусымда Алматыда «MOB FEST» бірінші республикалық мобилография фестивалінің жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған фестивальге 16 мен 40 жас аралығындағы 7 524 қазақстандық мобилограф қатысты.

Фестивальдің І кезеңі 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен 2023 жылдың 1 сәуірі аралығында онлайн режимде өтті.

Байқауға «Мәдениет пен салт-дәстүр», «Туризм», «Адамдар» тақырыптары бойынша 1537 жұмыс қабылданды.

Байқаудың І кезеңінің қорытындысы бойынша 100 үздік мобилограф анықталды. Олар екінші, қорытынды кезеңнің тапсырмаларын орындауды жалғастырды.

Байқаудың ІІ кезеңінің жеңімпаздары, яғни 20 үздік жұмыс авторлары Нью-Йорк кино өнері академиясында (NYFA) тағылымдамадан өтуге жолдама алады.

40 жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталса, 40 қатысушыға «Мобилография PRO» курсын онлайн оқуға мүмкіндік беріледі.

Марапаттау рәсіміне «Дара» дарындыларды қолдау қорының президенті Нұрлан Қоянбаев, «Mob Fest» фестивалінің амбассадоры Асхат Шыналиев және ҚР Президенті Телерадиокешенінің креатив жөніндегі директоры Әсел Тұрсынғазина қатысады.

«MOB FEST» фестивалінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жан Байжанбаевтың, белгілі продюсер және сценарист Сәбит Рахымбаевтың, отандық режиссерлер Әнуар Матжановтың, Дамир Тастенбековтың, Ален Ниязбековтың қазылар алқасының мүшелері ретінде белсенді қатысуынан байқауға болады.

Марапаттау рәсіміне арнайы шақырылған қонақтар қатысады: белгілі қазақстандық блогерлер Әлішер Елікбаев, Әділет Рахметолла, Нұрбол Бекбота, Нариман Әбиев, Қуаныш Шоңбай, Мейірбек Бердібайұлы, Имантай Ислам, Асхат Садырбай, әншілер Ғаділбек Жанай, Нұржан Керменбаев, Аян Бирбаев, Данияр Өтеген, инвесторлар Талғат Исмаил, Әсет Жұмақұлов, актер және жүргізуші Дәулет Бижанов.

Президент жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры талантты жастарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және Қазақстандағы креативті индустрияны дамытуға бағытталған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды