AI жасушалардың қартаюына қарсы ем тапты

Шотланд ғалымдары AI көмегімен 4300 химиялық қосылыстарды талдап, жасушалардың қартаюына әсер ететін 21 затты анықтады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты AiAqparat-қа сілтеме жасап.

AI жасушалардың қартаюына қарсы ем тапты
smartnews.kz

Олардың 3-і ерекше қызығушылық тудырды: гинкгетин, олеандрин және периплоцин.

Бұл қосылыстар зақымдалған жасушаларды «тазартып», жасқа байланысты аурулардың алдын алады. Олар табиғи және гинкго, шөпте және олеандр сияқты өсімдіктерде кездеседі.

Ғалымдар бұл жаңалық қартаюды түсінуге және оны бәсеңдету жолдарын табуға үлкен қадам деп есептейді.