Журналистерге мәртебе беріп, тұрғын үй кезегіне қоя алмаймыз – депутат

19.06.2023, 17:51
765
Журналистерге мәртебе беріп, тұрғын үй кезегіне қоя алмаймыз – депутат smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне мәртебе беріп, тұрғын үй кезегіне қоюдың мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Журналистерге қатысты бір шындықтың бетін ашып алайық. Жаңа әзірленген заңнаманың аясында БАҚ өкілдерін арнайы бір тұрғын үй бағдарламасы арқылы кезекке қою, мәртебе беруді тұрғын үй туралы заңнамаға енгізе алмаймыз. «Масс-медиа» туралы заң Парламенттің қарауына енгеннен кейін журналистер депутаттардан әлеуметтік мәселелер бойынша көп нәрсе күтпеуі қажет», - деді Елнұр Бейсенбаев Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылау барысында.

Сондай-ақ, халық қалаулысы аталған мәселені шешу бойынша өз ұсынысын алға тартты.

«Министрлік қазірден бастап «Отбасы банк» және екінші деңгейлі басқа да банктермен келісім жүргізуі керек. Тұрғын үй мәселесін шешудің жолдарын бірлесіп қарастырған жөн. Бізді қазір қарап, тыңдап отырған журналистер ойламауы қажет, біз оларды бір күнде категорияға енгіземіз деп. Өйткені, әр мамандықты категорияға енгізу мүмкін емес. Бүгінде 650 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Жыл сайын тұрғын үй кезегіне тұратын азаматтардың саны 40-50 мың аралығында өсіп отырады. Сондықтан бұл мәселе «Масс-медиа» туралы заңның аясында шешілмейді», - дейді депутат.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді