Қазақстан Германияға айына 100 мың тонна мұнай экспорттамақ

20.06.2023, 10:06
509
Қазақстан Германияға айына 100 мың тонна мұнай экспорттамақ smartnews.kz

Қазақстан Германияға айына 100 мың тонна мұнай экспорттамақ. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бастапқыда шағын көлеммен, айына шамамен 20 мың тоннамен бастаған едік. Қазіргі уақытта қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде Қазақстан мұнайын ай сайын 100 мың тоннаға ұлғайту жоспарда бар. Бүгінде «Достық» мұнай құбырына қатысты келісімге қол қойылған», - деді Алмасадам Сәтқалиев Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министр аталған құбырмен Германияға бұған дейін мұнай сынама ретінде жіберілгендігін атап өтті.

«Яғни, сыртқы нарыққа мұнайды үлкен көлемде жеткізу мүмкіндігін зерделеп жатырмыз. Аталған жеткізілімнің қорытындысында оның көлемін арттыру жайында айтуға болады», - деді министр.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған