Өңірлер 30 млн теңгеге жуық үнемдейді: Мәдениет және спорт министрлігі архив ғимаратының үлгілік жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледі

20.06.2023, 12:37
539
Өңірлер 30 млн теңгеге жуық үнемдейді: Мәдениет және спорт министрлігі архив ғимаратының үлгілік жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледі smartnews.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп 200 мың бірлікке арналған архив ғимаратын салу үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ЖСҚ дайын құрылыс жобаларының тізіліміне қосылды. Нәтижесінде әрбір өңір жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалатын 30 млн теңгеге дейін үнемдеп, архив ғимаратын салу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кету керек, архив ғимаратын салу, жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Келесі кезекте министрлік 500 мың бірлікке арналған үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін тиісті мемлекеттік органдармен жұмысты пысықтап жатыр.

Қазір мемлекеттік архив қоймалары 92,2%-ға толы. Осыған байланысты министрлік әкімдіктерді өңірлерде архив ғимаратын салуға белсенді ынталандырып отыр.  

«Мемлекеттік архив ғимаратын салу еліміздің мол тарихи-мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа сақтап, жеткізуде бірінші кезектегі міндет. Сондықтан министрлік бұл мәселені жіті бақылауда ұстап отыр. Бүгінде бірқатар өңірлерде архив құрылысына жер бөлініп, дайындық жұмыстары басталып кетті. Дайын жобалау-сметалық құжаттама - қаржы үнемдей отырып, құрылысты бастауға серпін береді»,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)