Kaspi банк бөлімшесінде банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті екі айға қамалды
20 маусым күні Астанадағы банк бөлімшесінде ылаң салған күдіктіге сот шешім шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Астанадағы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл жайында Астана қалалық сотының ресми сайтында жазылды.
Еске салсақ, 18 маусымда қарулы ер адам Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алып, бірер сағаттан соң ұсталған еді. Күштік құрылымдар полицияға штурм жасағаннан кейін кепілге алынған адамдар босатылған. Ешқайсысы физикалық түрде зардап шекпегенмен, кейбіріне психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланған болатын.