Мұхамедиұлы «Құрмет» және «Парасат» орденінен, қайраткер атағынан айырылады
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы осыған дейін алған мемлекеттік наградалары мен берілген атақ-дәрежелерін кері қайтарады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Президентке Арыстанбек Мұхамедиұлына берілген «ҚР Еңбегі сіңген қайраткері» атағы, сонымен қатар «Құрмет» және «Парасат» орденінен айыру туралы ұсыныс берілсін», - деді үкімді оқыған судья Бағлан Ыдырысов.
Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан да айрылды.
Сондай-ақ, үкімде Арыстанбек Мұхамедиұлының дүние-мүлкі тәркіленбейтіні айтылған.