Жұмысты жеңілдететін жасанды интеллект жасаған 7 жоба

21.06.2023, 14:29
2570
Жұмысты жеңілдететін жасанды интеллект жасаған 7 жоба smartnews.kz

Жасанды интеллектінің көмегімен іске асып жатқан 7 пайдалы жобаға smartnews.kz сайты шолу жасады.

DeepAgency: виртуал фотостудия

Бұл компаниялар мен адамдарға жоғары сапалы фотосуреттер мен 3D модельдерін ұсынатын жасанды интеллектке (AI) негізделген фотостудия және модельдейтін қосымша. Қолданба кәсіби мамандар жасаған фотореалистік фотосуреттер мен модельдерді жасау үшін машиналық оқыту мен компьютерлік көрудің озық алгоритмдерін қолданады. Негізгі функцияларына суреттерді өңдеу, 3D модельдеу мен рендринг, виртуал фотосессия тәрізді мүмкіндіктері бар.

Sloyd AI: 3D модель жасаудың оңай құралы

Тез арада 3D жобалар жасауға көмектесетін бұл жоба жасанды интеллектке енгізілген алгоритмдер бойынша жұмыс жасайды. Күрделі жобаларды оңай жасау мүмкіндігінен бөлек, бағдарламада дайын өнімдер де қолданысқа ие.

DreamStaging.ai: дизайнерлік интерьер жасап беруші

Бұл жоба ЖИ аздаған минутта интерьер дизайнерінің жұмысын орындап шыға алады. Баспананың 3D рендериңін пайдалану арқылы сапалы суреттерді дәл көрсетеді.

EbSynth: кәсіби анимация
ЖИ көмегімен жасалған бағдарлама анимациялық видеороликтерді жасайға көмектеседі. Сурет салу, өңдеу, қозғалту секілді міндеттерді тез жасауға көмектеседі. Бағдарламаны пайдалану - тегін.

Dreamhouse AI: болашақ баспанаңның бейнесі

Жасанды интеллект арқылы үйді өзгертіп, виртуалды жиһаз енгізіп беретін интерьерлік дизайны құралы. Бағдарламада 40 жуық интерьер стильдерін таңдауға, бір-бірімен үйлестіруге көмектеседі.

Krikey AI: анимациялық аватар

Қызықты ойын тәжірибесін жасау үшін жасанды интеллектті қолданатын мобильді ойын платформасы. Платформа динамикалық және қызықты ойындар жасау үшін ЖИ қолданатын әртүрлі функцияларды ұсынады. Сондай-ақ қолданушыға бес минут ішінде 3D анимацияларын жасауға мүмкіндік береді.

AI Reality: мәтін арқылы жаңа әлемді жасау

AIReality ұсынатын дүниелер оны басқа AI өнімдерінен ерекшелендіреді. Бағдарлама ЖИ көмегімен мәтіннен 3D кескіндерін жасап, олардың кескіні нақты қандай болатынын көруге болады. Сонымен қатар, қолданба пайдаланушыларды кеңейтілген виртуал әлемді жасауға үйрететін open AI диалогы бар оқу платформасын ұсынады.

Тізімдегі бағдарламалар AI Tool Tracker мәліметінше, маркетинг, копирайтинг, дизайн және IT мамандарының жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды