Түркістан облысының тұрғыны газбен жүретін шағын трактор құрастырды

21.06.2023, 19:56
686
Түркістан облысының тұрғыны газбен жүретін шағын трактор құрастырды Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Түркістан облысының тұрғыны газбен жүретін шағын трактор құрастырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Келес ауданына қарасты Көкбұлақ ауылының тұрғыны Ахмед Шүкірұлы қолдан шағын трактор құрастырып шықты. Бір ерекшелігі өнертапқыш ауланың әр бұрышында жатқан жарамсыз техника бөлшектерін жинап, кәдеге асырған. Мәселен, трактордың маторы Ваз-2106 көлігінен алынған. Ал, қозғалтқышы ГАЗ-52-ге тиеселі. Сондай-ақ, артқы мост ГАЗ-53 көлігінікі. Жүргізуші отыратын кабинаны кәдуелгі темірмен дәнекерлеп, төбесін матамен жапқан. Жалпы ауыл тұрғыны үш жыл ішінде газбен жүретін шағын тракторды қолданысқа ендірді.

«Ауылымыздың тұрғындары ауыл шаруашылығы саласында еңбектенеді. Трактор алуға екінің бірінің қолы жете бермейді. Содан бос уақытымда керексіз техникалардың басын қосып, трактор құрыстыруға кірістім.Алдағы уақытта тракторды жетілдіремін. Пластиктен терезелер орнатып, есік қоямын», – дейді ол.

Бүгінгі күні Ахмед Шүкірұлының қолдан жасаған тракторы ауылдағы жер жырту, шөп жинау, егінді тырмалау, жүйек тарту жұмыстарына жарап тұр. Ауыл тұрғындары арнайы ақысын беріп, қажетті жұмыстарын жасатуда. Өнертапқышта бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

photo
Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды