Димаш Құдайбергеннің бюджеттен қанша қаламақы алатыны белгілі болды

22.06.2023, 13:26
13711
Димаш Құдайбергеннің бюджеттен қанша қаламақы алатыны белгілі болды kazpravda.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрық жобасында Димаш Құдайбергеннің бюджет есебінен өтетін мәдени шараларда қанша қаламақы алатыны айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Құжатта Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова, Майра Мұхаммедқызы, Асылбек Еңсепов, Тамара Асар, Zyna502 сияқты орындаушылардың мемлекеттік мәдени іс-шараларда өнер көрсеткені үшін алатын қаламақысы мысал ретінде берілген.

«Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі иегері санатындағы бірнеше өнер қайраткері (мысалы: Димаш Құдайберген 10 000 000 теңгеден және одан жоғары, Майра Мұхаммедқызы - 3 000 000, Әлішер Кәрімов - 1 500 000, Асылбек Еңсепов 1 300 000, Zyna502, Medet02, Medet05 - 1 500 000, Нұрлан Абдуллин 1 000 000, Жанар Дұғалова 1 500 000, Айгүл Өлкебаева 700 000, Тамара Асар 1 200 000 теңгеден және тағы басқалар).

Шындығында көрсетілетін қызметтердің құны 20% дейін жетуі мүмкін және одан да жоғары, бұл пайыздан асып түседі.

Өткізіп жатқан іс-шараларды сараптай келе, шара бюджетінің 20%-ға дейіні осы санаттағы әртістердің қатысуын қамтамасыз ету қызметтеріне жұмсалатыны шығады.

Осылайша, жоғарыда аталғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 7%-ға дейін орындау мүмкін емес, сондықтан осы стандартты жобаның жалпы сомасынан 20%-ға дейін арттыруды сұраймыз», - делінген бұйрық жобасына қосымша берілген кестедегі түсіндірмелердің бірінде.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды