Алматыда құлаған ағаштар көліктерге зақым келтірді: залал қалай өтеледі
Алматы қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілдері, құлаған ағаштардан көліктеріне зақым келген азаматтарға қайда жүгіну керектігін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Басқарма мәліметінше, 20 маусымда қалада жасыл желектердің құлауының 30-дан астам дерегі тіркелген. Оның ішінде көліктердің үстіне құлау бойынша 6 факт, ескі ағаштардың құлауы - 13, ағаштың діңімен құлауы – 8, ірі бұтақтардың құлауы - 11 факт.
«Зақымданған көлік иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселесіне келсек, әр жағдай жеке қаралады. Бұл мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгіну қажет. Сот шешімімен залалды өтеу мәселесі қарастырылады», - деп атап өтті ведомстводан.