Қызылордада тұрғын үйдегі өрт кезінде 38 жастағы азамат күйіп қалды, жағдайы ауыр

22.06.2023, 14:47
595
Қызылордада тұрғын үйдегі өрт кезінде 38 жастағы азамат күйіп қалды, жағдайы ауыр Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысында тұрғын үйде болған өрттің салдарынан 38 жастағы азаматтың денесін 75 пайыз күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

21 маусымда сағат 18:45-те Жалағаш ауданына қарасты Бұқарбай батыр ауылында тұрғын үй жанып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті.

photo

«Шақырту бойынша оқиға орнына аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Барлау шарасының нәтижесінде тұрғын үйдің басым бөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер бөлме ішінде ес-түссіз жатқан 38 жастағы тұрғын үй иесін құтқарды. Оны қауіпсіз жерге алып шықты. Жедел жәрдем қызметі жеткенше оған №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ербол Тәуекелов алғашқы медициналық көмек көрсетті. Денесінің 75 пайызын күйік шалған азамат дәрігерлердің қарауында. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, тілсіз жау 19:51 минутта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады