742

ШҚО жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Бүгін Шемонаиха қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстың салдарынан 2 адам күйіп қалған, 5 техника жанып кеткен. Бұл туралы ақпаратты ведомство растады.

ШҚО жанармай құю бекетінде жарылыс болды
ҚР ТЖМ

Күйік шалғандар ауруханаға жеткізілген.

Жалынды оқшауландыруға 5 өрт сөндіру көлігі мен 12 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Тұрғын үй мен орман қорына қауіп жоқ.